жұбан молдағалиев

Description
1. ЖұбанМолдағалиев(1920-1988) 2. Жұбан Молдағалиевтың өмірбаяны Жұбан Молдағалиев 1920 жылы Батыс…

Please download to get full document.

View again

of 8
All materials on our website are shared by users. If you have any questions about copyright issues, please report us to resolve them. We are always happy to assist you.
Information
Category:

Slides

Publish on:

Views: 350 | Pages: 8

Extension: PDF | Download: 2

Share
Transcript
  • 1. ЖұбанМолдағалиев(1920-1988)
  • 2. Жұбан Молдағалиевтың өмірбаяны Жұбан Молдағалиев 1920 жылы Батыс Қазақстан облысында Сайқұдық деген жерде туған. Ақын,Казақстанның халық жазушысы. Орал ауыл шаруашылық техникумын бітірген (1940). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1942 - 52 ж. майдандарда қазақ тілінде шығыптұрған «Отан үшін», "Майдан шындығы", Жеңіс жалауы" газеттерінің редакцияларында түрлі қызметтер атқарды. 1948 - 83 ж. "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш" ) газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, "Қазақ әдебиеті" газетінде редактордың орынбасары, 1958 - 63 ж. "Жұлдыз" журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші, бірінші хатшысы болған.
  • 3. Жұбан Молдағалиевтыңшығармашылығы Тұңғыш жинағы «Жеңіс жырлары» деген атпен 1949 жылы жарық көреді. «Жыр туралы жыр » (1956) поэмасында ол эпикалық талантын көрсетуде жаңа қырынан таныла түседі. Жыр туралы" поэмасында (1963) татар акыны Кеңес Одағының Батыры Мұса Жәлилдің ерлігі бейнеленген. Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — «Мен — қазақпын» поэмасы (1964). Ол "Жесір тағдырында" (1965) қазақ әйелінің өткен заманғы қатал тағдыры мен оның жаңа өмір жолындағы күресін көрсетті. "Айттым сәлем" лирикалық поэмасы (1967) махаббат пен ерлікті жырлайды. "Кісен ашкан" (1969) поэмасында Құрманғазының осы аттас күйіне құлақ қойып, ой жібере отырып, өскен өнер, өркендеген халық тағдыры баяндалған 1970 жылы Жұбан Молдағалиевтың таңдамалы шығармаларының 2 томдығы жарық көрді. «Абай шыңына» (Шығ. жинағы. 1 т., 1979) өлеңінде Абайды Ұлы ұстаз тұтып, өз шығармаларында ақын бейнесін шебер өрнектеген. «Қазақшадан аударылған» (1971) деген өлеңінде ол қазақ жеріндегі шоқ жұлдыздар қатарында Абай есімін алдымен атайды. «Пір» (1972) өлеңінде А. С. Пушкин поэзиясымен алғаш Абай аудармасы арқылы танысқанын баяндайды. Жұбан Молдағалиев өмір шындығының әр саласына терең үңіле отырып, жетпісінші жылдары "Қыран дала", "Сел", "Байқоңыр баспалдақтары" атты поэмалар жазды.
  • 4. Шығармашылығының негізгіойы Жұбан Молдағалиев өзінің кейбір лирикалық өлеңдерінде: «Аққу», «Махаббатты жырласаң», «Аққуым аспанда емес, жер бетінде», «Көзімде қалды суретің», т.б. сияқты жырларында адамды сүю, бағалау, жар сүю, ана махаббатын аялау, Отан сүю сезімдерін сабақтастыра жырлайды. Мәселен, «Махаббат ерлігі» атты өлеңінде махаббаттың құдіретті күші нені болса да жеңетінін паш етеді, екі мүгедектің (соқыр мен ақсақ) бірін-бірі демеп, сүйеп жүріп өнер көрсетуі өмір мен тіршіліктің өлмес күші екенін танытады. «Бокс заңы бойынша» өлеңінде ақын алдымен оқырман назарын бокс заңына аударып, өмірдегі кездесетін күншілдікті, нағыз талантты көре алмаушылықты сынап, әшкерелейді. Ақын «Мен қазақ әйеліне қайран қалам» деген белгілі өлеңінде, тарихтың тәлкегіне көне жүріп, небір қиыншылықты басынан өткізсе де аналық бейнесін сақтаған әйелді ақын дүниенің бар салмағын көтерген жермен теңестіреді. Ал «Жер — глобус» өлеңінде айрықша ештеңе жоқ сияқты көрінгенімен, лирикалық кейіпкердің бала кезінде мұғалімнен жердің глобус сияқты екенін, оны сақтау керектігін естігеніне шегініс жасай отырып, оны даралай түседі. Алғашқы поэмаларында — «Нұрлы жол», «Қызыл галстук», «Қиял қанатында» — ақын жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, еңбекке баулудың проблемаларын көтерді. Балалардың келешегі үшін, олардың болашағы әрқашан күн тәртібінен түспейтіні кімді болса да толғантар мәселе екенін ақын айқын, дәл суреттей отырып, жастарға үлкен сеніммен қарайды.Ж.Молдағалиевтің «Мен — қазақпын» поэмасында қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық- публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.
  • 5. “Отан соғысының ІІ дәрежелі”ордені.“Құрмет белгісі”.“Еңбек Қызыл Ту” ордені,Совет Одағының үш медалі.Поляк Халық Республикасының екімедалі.КСРО мемлекеттік сыйлығыныңиегері.Қазақтың Абай атындағымемлекеттік сыйлығының иегері.
  • 6. Жұбан Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған БатысҚазақстан облысында ашылған ескерткіш
  • 7. Жұбан Молдағалиевтің туғанына 80 жыл толу құрметіне Орал қаласындағыескерткіш
  • Similar documents
    We Need Your Support
    Thank you for visiting our website and your interest in our free products and services. We are nonprofit website to share and download documents. To the running of this website, we need your help to support us.

    Thanks to everyone for your continued support.

    No, Thanks
    SAVE OUR EARTH

    We need your sign to support Project to invent "SMART AND CONTROLLABLE REFLECTIVE BALLOONS" to cover the Sun and Save Our Earth.

    More details...

    Sign Now!

    We are very appreciated for your Prompt Action!

    x