стандарты инст типо

Description
1. ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУ СТАНДАРТТАРЫ…

Please download to get full document.

View again

of 45
All materials on our website are shared by users. If you have any questions about copyright issues, please report us to resolve them. We are always happy to assist you.
Information
Category:

Education

Publish on:

Views: 6 | Pages: 45

Extension: PDF | Download: 0

Share
Transcript
  • 1. ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУ СТАНДАРТТАРЫ 2
  • 2. НЕЗАВИСИМОЕ АГЕНТСТВО АККРЕДИТАЦИИ И РЕЙТИНГА _________________________________________ Р.Г. Сейдахметова, А.Б. Жумагулова, М.А. Скиба, Ж.И. Шалабаева, Р.Г. Гасимов СТАНДАРТЫ институциональной аккредитации организаций технического и профессионального образования Астана 2015
  • 3. УДК 006 ББК 30ц С 77 Стандарты институциональной аккредитации организаций технического и профессионального образования: Стандарты институциональной аккредитации организаций технического и профессионального образования / Составители: Р.Г. Сейдахметова, А.Б. Жумагулова, М.А. Скиба, Ж.И. Шалабаева, Р.Г. Гасимов – Астана, 2015. – 46 с. ISBN 978-601-7778-11-8 Рецензенты: доктор физико- математических наук, профессор, лауреат премии К. Сатпаева, эксперт НААР по академическому ранжированию вузов и организаций ТиПО - К.Ш. Шункеев доктор химических наук, профессор - А.А. Талтенов доктор технических наук, профессор - Ю.Н. Пак ISBN 978-601-7778-11-8 Сейдахметова Р.Г., Жумагулова А.Б., Скиба М.А., Шалабаева Ж.И., Гасимов Р.Г., 2015 © НААР, 2015 Настоящие стандарты определяют требования к подготовке, организации и проведению процедуры институциональной аккредитации организации ТиПО независимо от его статуса, организационно-правовой формы, ведомственной подчиненности и формы собственности. УДК 006 ББК 30ц © С 77 Рекомендовано Экспертным советом Независимого Агентства аккредитации и рейтинга
  • 4. СТАНДАРТЫ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 3 Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу СТАНДАРТТАРЫ Астана 2015
  • 5. ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУ СТАНДАРТТАРЫ 4 АЛҒЫ СӨЗ 1 «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесімен ДАЙЫНДАЛДЫ. 2 «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» КЕМ директорының «14» наурыз 2012 жылғы № 06-од (2015 жылдың 01 маусымында берілген түзетулер мен толықтыруларымен) бұйрығымен БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ. 3 Осы стандартта 27.07.2007 ж. Қазақстан Республикасының № 319-ІІІ «Білім туралы» Заңының нормалары іске асырылған. 4 ЕКІНШІ БАСЫЛЫМ Осы стандартты «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық не- месе ішінара қайталауға, көбейтуге және таратуға жол берілмейді.
  • 6. СТАНДАРТЫ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 5 МАЗМҰНЫ Қолдану саласы 6 Нормативтік сілтемелер 6 Терминдер мен анықтамалар 7 Белгілеулер мен қысқартулар Иституционалдық аккредиттеуді жүзеге асырудың рәсімдері Кейінгі рәсімдер 10 10 12 Стандарт «Көрініс, миссия және стратегия» Стандарт «Басшылық және менеджмент» 12 13 Стандарт «Білім беру бағдарламалары» 15 Стандарт «Педагогикалық ұжым және оқытудың тиімділігі» Стандарт «Білім алушылар» Стандарт «Қаржы» Стандарт «Ресурстар: материалдық-техникалық және ақпараттық» Аккредиттеу стандартына өзгертулер мен толықтырулар енгізудің тәртібі 17 18 19 20 21 Пайдаланған әдебиеттер тізімі 22
  • 7. ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУ СТАНДАРТТАРЫ 6 ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУ СТАНДАРТТАРЫ 1. Қолдану саласы 1.1 Осы стандарттар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ТжКБ) институционалдық аккредиттеуін өткiзуге және ұйымдастыруға қойылған талаптарды анықтайды. 1.2 Осы стандарттар ТжКБ ұйымдарының мәртебесі, ұйымдастырушылық- құқықтық түрі, меншіктілік және ведомстволық бағынушылық нысанына қарамастан институционалдық аккредиттеу рәсімін өткізу кезінде қолданылады. 1.3 Осы стандарттар сонымен қатар өз қызметін ішкі бағалау үшін және сәйкес нормативті құжаттарды дайындау үшін ТжКБ ұйымдарымен қолданылуы мүмкін. 2. Нормативтік сілтемелер Осы стандартта келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер қолданылады: 1.1 Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеулер туралы» Заңы. 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II ҚРЗ. 1.2 ҚазақстанРеспубликасының«Білімтуралы»Заңы.2007жылғы27шілдедегі № 319-III ҚРЗ. 1.3 Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредит- теу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі № 61-IV Заңы. 1.4 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 жарлығы. 1.5 «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы. 1.6 «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысанда- рын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы N 430 Бұйрығы. 1.7 «Ұлттық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 19 қазанда № 8022 тіркелді. 1.8 «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы»
  • 8. СТАНДАРТЫ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 7 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 150 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 03 маусымда № 8489 тіркелді. 1.9 «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 268 бұйрығы. 1.10 «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспа рлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 312 бұйрығы. 3. Терминдер мен анықтамалар Осы стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады: 3.1 Аккредиттеуге үміткер: аккредиттеу органымен институционалдық аккредиттеуді өткізу туралы келісім-шартқа отырған ТжКБ ұйымы. 3.2 Бағалау: талдау үдерісінде жиналған дәлелдеулер мен мәліметтерді түсіндіру. Бағалау бағдарламаның білім беру мақсаттары мен білім алушылардың оқу нәтижелерінің жетістіктері деңгейін анықтайды және бағдарламаны жетілдіруге қатысты іс-әрекеттер мен шешімдерге алып келеді. 3.3 Бағдарламаның білім беру мақсаттары: техникалық және кәсіптік білімі бар маман даярлаудың деңгейі мен бейіні және осы бағыт бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асырудан күтілетін нәтижелердің жиынтығы. 3.4 Базалық құзырет: өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеті, өзін-өзі жігерлендіру және өзіндік ұйымдастыруға бейімділігі («Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы). 3.5 Біліктілік: 3.5.1 Біліктілік: алынған мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты құзіретті орындауға қажетті білім, әзірлік деңгейі. 3.5.2 Біліктілік: алынған кәсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындау дайындығының деңгейі («Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы). 3.5.3 Біліктілік: қызметкердің нақты жұмыс түрін орындауға кәсіби дайындық дәрежесі (Ұлттық біліктілік шеңбері). 3.6 Біліктілік деңгейі: 3.6.1 Біліктілік деңгейі: орындалатын жұмыс күрделілігін, дербестілігі мен жауапкершілігін білдіретін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын
  • 9. ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУ СТАНДАРТТАРЫ 8 талаптар деңгейі (Ұлттық біліктілік шеңбері). 3.6.2 Біліктілік деңгейі: тарифтеу мен аттестаттау (тарифтік разряд, сынып, са- нат) жүйесінің тиісті құжаттарымен реттелетін және орындалатын тапсырмалар мен міндеттердің күрделілігімен және көлемімен анықталатын техникалық және кәсіптік білімнің білім беретін оқу бағдарламасының бір сатысының шеңберіндегі кәсіби шеберлік. 3.7 Білім беру бағдарламасы: 3.7.1 Білім беру бағдарламасы: пәндер тізімі, оқу жұмысының түрлері арқылы білім беру жүйесінің белгілі бір сатысының білім беру мазмұнын және мақсатын, оларды меңгеру үшін оқу уақытының көлемін айқындайтын құжат («Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт- тарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы). 3.7.2 Білім беру бағдарламасы: сәйкес біліктілігі бар мамандарды даярлаудың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған және өз құрамына түлектерді даярлаудың нәтижесіне қойылатын талаптарды, оқу жоспарын, курстардың, пәндердің, оқу модулдерінің жұмыс (оқу) бағдарламаларын және басқа материалдарды, со- нымен бірге сәйкес білім беру технологиясын іске асыруды қамтамасыз ететін тәжірибе бағдарламаларын, күнтізбелік оқу кестесін және әдістемелік материал- дарды қосады. 3.8 Білім беру ұйымдарын аккредиттеу: білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стан- дарттарына (талаптарына) сәйкестігін тану рәсімі (Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы). 3.9 Білім: оқу және жеке тәжірибесі арқылы ақпаратты меңгеру нәтижесі, оқу немесе жұмыс саласына қатысты фактілер, қағидаттар, теория мен практика жиынтығы, біліктіліктің міндетті түрде бағалануға тиіс бөлігі (Ұлттық біліктілік шеңбері). 3.10 Дағды: қызметті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімді пайдалану және құзыреттілік таныту қабілеті (логикалық, шығармашылық және практикалық ойлауды пайдалану) (Ұлттық біліктілік шеңбері). 3.11 Институционалдық аккредиттеу: білім беру ұйымының білім беру бағдарламаларын мәлімделген мәртебесіне сәйкес сапалы ұсынуы жөніндегі қызметін бағалау (Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы). 3.12 Кәсіби стандарт: кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт (Ұлттық біліктілік шеңбері). 3.13 Кәсіптік білім: тұлғаны біліктілік сипаттамаларына және талаптарына сәйкес кәсіптік білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруге бағытталған маман ретінде қалыптастырудың және дамытудың ұйымдасқан үдерісі. 3.14 Кәсіптік құзіреттілік: білім, шеберлік пен дағды, сондай-ақ кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде
  • 10. СТАНДАРТЫ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 9 маманның кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі («Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт- тарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы). 3.15 Қашықтықтан білім беру технологиясы: білім алушы мен педагог қызметкердің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту (Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы). 3.16 Құзыреттер: 3.16.1 Құзыреттер: оқу үдерісінде меңгерілген білімнің, дағдылар мен ептіліктің динамикалық жиынтығы. 3.16.2 Құзыреттілік: қызметкердің кәсіби қызметінде білімін, біліктілігі мен дағдысын қолдану қабілеті (Ұлттық біліктілік шеңбері). 3.16.3 Құзырет: білім, шеберлік, дағды, кәсіптік тәжірибенің бірлігі негізінде маманның әрекет ету және белгілі бір кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі («Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республика- сы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы). 3.17 Оқытудың түпкі нәтижесі: берілген білім беру бағдарламасы бойын- ша оқуды бітірген уақытта білім алушы меңгеруі тиіс білім мен дағдылардың, құзыреттің жиынтығы. 3.18 Өзін-өзі бағалау рәсімі: институционалдық аккредиттеудің стандарттары мен өлшемдерінің негізінде ТжКБ ұйымы өткізетін ішкі бағалау үдерісі. Осының нәтижесінде өзін-өзі бағалау туралы есеп құрастырылады. 3.19Салалықбіліктілікшеңберлері:саладатанылатынбіліктілікдеңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы (Ұлттық біліктілік шеңбері). 3.20 Сыртқы сараптау комиссияның ТжКБ ұйымына баруы: бұл аккре- диттеу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылатын сыртқы бағалаудың компоненті. Сыртқы сарапшы-аудиторлар ТжКБ ұйымының өзін-өзі бағалау ма- териалдарын тексеру мақсатында, оқытушы құраммен, білім алушылармен және қызметкерлермен әңгімелесу және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау үшін ТжКБ ұйымына іссапарға барады. ТжКБ ұйымының/білім беру бағдарламасының аудиті бойынша комиссияның есебі іссапардың нәтижесі бо- лып табылады. 3.21 Талдау: бағдарламаның білім беру мақсаттарын және білім алушылардың оқу нәтижесі жетістіктерін бағалауға арналған мәліметтерді әзірлеу, жинау және анықтау үдерісі. Тиімді талдау өлшенетін мақсаттар мен нәтижеге сай келетін тікелей, жанама, сандық және сапалық параметрлерді қолданады.
  • 11. ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУ СТАНДАРТТАРЫ 10 4 Белгілеулер мен қысқартулар Осы стандартта 2 бөлімде көрсетілген нормативтік құжаттарға сәйкес қысқартулар қолданылады. Сонымен бірге, осы стандартта келесі белгілеулер мен қысқартулар қолданылады: АКТ – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; АРТА – Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі; ББ – білім беру бағдарламасы; ҚР – Қазақстан Республикасы; ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі; МЖМБС – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары; СМЖ – сапа менеджментінің жүйесі; ТжКБ – техникалық және кәсіптік білім беру. 5 Институционалдық аккредиттеуді жүзеге асырудың рәсімдері 5.1 Институционалдық аккредиттеуді жүзеге асырудың рәсімі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының аталған аккредиттеуді өткізуге өтініш беру- ден басталады. Өтінішке мемлекеттік лицензияның көшірмесі және білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияға қосымшаларын және сәйкес білім беру ұйымы қызметінің қысқаша сипаттамасы тіркеледі. 5.2 АРТА білім беру ұйымының өтінішін қарастырады. 5.3 АРТА институционалдық аккредиттеу рәсімін бастау туралы шешім қабылдайды. Агенттік пен білім беру ұйымының арасындағы институционалдық аккредиттеуді өткізу туралы екіжақты келісім-шарт жасалады және аккредиттеуге үміркер мәртебесі беріледі. 5.4 Білім беру ұйымы мен АРТА басшылығы институционалдық аккредиттеу рәсімдері мен өлшемдерін білім беру ұйымының ішкі сарапшыларына түсіндіру мақсатында институционалдық аккредиттеуді өткізу технологиясы, әдістемесі мен теориясына қатысты сұрақтар бойынша арнайы семинарларда оқыту ұйымдастырады. 5.5 Білім беру ұйымы АРТА бекіткен стандарттар мен өлшемдерге сәйкес өзін- өзі бағалауын өткізеді, және өзін-өзі бағалау туралы есебін (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) электрондық нұсқада және әр тіл үшін 2 данадан қағаз тасымалдағыштарда АРТА-ға ұсынады; 5.6 Білім беру ұйымының аудитін өткізу үшін АРТА Аккредиттеу Кеңесінің төрағасы сараптау коммисиясын құрады. Сараптау комиссиясы білім беру ұйымдарынбағалаубойыншамамансарапшылардан,жұмысберушілерден,білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша білікті мамандар (сарапшылар) болып табылатын білім беру ұйымдары мен олардың бірлестіктері (қауымдастықтары) өкілдерінен, білім алушылар өкілдерінен және шетел сарапшысынан тұрады.
  • 12. СТАНДАРТЫ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ОРГАНИЗАЦИЙ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 11 Сарапшылардың саны тексеру көлемі мен білім беру ұйымының ерекшелігіне байланысты анықталады. 5.7 Білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау туралы есебінің негізінде АРТА келесі шешімдерді қабылдай алады: - өзін-өзі бағалау туралы есебінің материалдарын жетілдіру қажеттілігі бойын- ша ұсыныстар әзірлеу; - сыртқы сараптамалық бағалауды өткізу; - осы стандарттар өлшемдеріне өзін-өзі бағалау есебінің сай болмауына байланысты институционалдық аккредиттеуді өткізу мүмкін болмағандықтан келісім-шартты бұзу. 5.8 Аккредитеу үдерісі жалғасқан жағдайда АРТА мен сараптау комиссиясының төрағасы білім беру ұйымымен институционалдық аккредиттеуді өткізу мерзімі мен комиссияның жұмыс жоспары жөнінде келіседі. 5.9 Сараптау комиссиясының білім беру ұйымына сапарының ұзақтығы тек- серу көлеміне байланысты. Сапар аяқталғаннан кейін сыртқы сараптау комисси- ясы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымын бағалау бойынша толық есеп әзірлейді. Осы есеп Аккредиттеу Кеңесімен институционалдық аккредиттеу тура- лы шешім қабылдаудың негізі болып табылады. 5.10 Оң шешім қабылданған жағдайда АРТА директорымен қол қойылған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымын институционалдық аккредит- теу туралы куәлік білім беру ұйымына жіберіледі. Одан кейін ТжКБ ұйымын институционалдық аккредиттеу туралы шешім 2-Ұлттық тізілімге қосу мақсатында ҚР БҒМ-ге жіберіледі және АРТА-ның веб-сайтында орналастырылады. 5.11 Жеке кемшіліктер болған жағдайда аккредиттеу 1 (бір) жыл мерзімге беріледі. Мерзімнің өтісімен АРТА-ның сараптау комиссиясы білім беру ұйымына бару арқылы жекелеген кемшіліктердің жойылғанын тексереді. Оң шешім қабылданған жағдайда аккредиттеудің мерзімі бес жылға дейін ұзартылады. Егер жекелеген кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған болса, аккредиттеудің жұмысы тоқтатылады және өтініш білдірген ұйым аккредиттеуді тоқтату тура- лы шешім қабылдаған уақыттан бастап бір жыл бойы АРТА-ға аккредиттеу үшін өтініш беру құқығынан айрылады. 5.12 Аккредиттеудің мерзімдері: 1 жыл – жалпы аккредиттеу өлшемдері мен талаптарына сай болғанда, бірақ жекелеген кемшіліктердің және жақсарту мүмкіндігінің болуы жағдайында; 3 жыл – жалпы оң нәтиже кезінде, бірақ мардымсыз кемшіліктердің және жақсарту мүмкіндігінің болуы жағдайында; 5 жыл – жалпы оң нәтиже кезінде. 5.13 Теріс шешім қабылданған жағдайда білім беру ұйымы АРТА Аккредиттеу Кеңесі туралы ережесі және Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша Аккредиттеу Кеңесінің шешіміне шағымдану құқығына ие.
  • 13. ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУ СТАНДАРТТАРЫ 12 6 Кейінгі рәсімдер 6.1 АРТА-ның талаптарын орындамаған жағдайда білім беру ұйымына қатысты Аккредиттеу Кеңесі келесі шешімдерді қабылдай алады: - білім беру ұйымының аккредиттеу мерзімін уақытша тоқтату, - білім беру ұйымының аккредиттеуін 2-Ұлттық тізілімнен шығару арқылы қайтарып алу, бұл өз кезегінде бұған дейін қол жеткізген барлық аккредиттеу нәтижелерін жоюға және өтініш беруші аккредиттеуді қайтадан өткісі келген жағдайда аккредиттеудің барлық кезеңдерін басынан өту міндеттемесіне әкеліп соғуы мүмкін. 6.2 Білім беру ұйымы қызметінің аккредиттеуден кейінгі мониторингі 3 жыл және 5 жыл мерзімге аккредиттелген жағдайда келесідей жүзеге асырылады: Аккредиттеу мерзімінің ұзақтығы 3 жыл 5 жыл Аралық есеп беру және сарапшылар сапарын өткізу мерзімділігі Бір жарым жылда бір рет Екі жылда бір рет Білімберуұйымы1жылмерзімгеаккредиттелгенболса,осыуақытаралығында ол қайтадан аккредиттеуден өту туралы шешім қабылдайды. 7 Стандарт «Көрініс, миссия және стратегия» 7.1 Жалпы ережелер 7.1.1 ТжКБ ұйымының қызметі оның миссиясымен анықталады. 7.1.2. ТжКБ ұйымының қызметі ҚР МЖМБС қоса алғандағы ҚР білім беру саласындағы заңнамаларына толығымен сәйкес болу керек. 7.1.3 Бұл стандарттың бағалауы: 7.1.3.1 қолданыстағы миссия мен стратегияның және оны жүзеге асыру мониторингінің жоспарлары мен жүйесін талдау; 7.1.3.2 миссия мен стратегиясын қалыптастыру және қайта қарау тетігін тал- дау; 7.1.3.3 миссия мен стратегия туралы ақпараттың таралу үдерістерін және ақпараттық ресур
  • Related Search
    We Need Your Support
    Thank you for visiting our website and your interest in our free products and services. We are nonprofit website to share and download documents. To the running of this website, we need your help to support us.

    Thanks to everyone for your continued support.

    No, Thanks