... НҰСҚАУЛАРЫ EGG93322 RU ВАРОЧНАЯ ПАНЕЛЬ ИНСТРУКЦИЯ ПО ЭКСПЛУАТАЦИИ UK ВАРИЛЬНА ПОВЕРХНЯ ІНСТРУКЦІЯ 31 - PDF

Description
EGG KK ПІСІРУ АЛАҢЫ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАРЫ 2 RU ВАРОЧНАЯ ПАНЕЛЬ ИНСТРУКЦИЯ ПО ЭКСПЛУАТАЦИИ 16 UK ВАРИЛЬНА ПОВЕРХНЯ ІНСТРУКЦІЯ МАЗМҰНЫ 1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Please download to get full document.

View again

of 27
All materials on our website are shared by users. If you have any questions about copyright issues, please report us to resolve them. We are always happy to assist you.
Information
Category:

Kids & Toys

Publish on:

Views: 39 | Pages: 27

Extension: PDF | Download: 0

Share
Transcript
EGG KK ПІСІРУ АЛАҢЫ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАРЫ 2 RU ВАРОЧНАЯ ПАНЕЛЬ ИНСТРУКЦИЯ ПО ЭКСПЛУАТАЦИИ 16 UK ВАРИЛЬНА ПОВЕРХНЯ ІНСТРУКЦІЯ 31 2 МАЗМҰНЫ 1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ ОРНАТУ ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз. Electrolux әлеміне қош келдіңіз. Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз: Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат: Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз: Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін: ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат. Жалпы мағлұматтар менен кеңестер Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие. 1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз. 1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі Назарыңызда болсын! Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек болып қалу қаупі бар. Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқан балалар және кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне нұқсан келген адамдар немесе тәжірибесі немесе білімі аз адамдар, өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның бақылауында болса пайдалана алады. Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз. 3 жасқа толмаған балаларды құрылғының қасына қараусыз қалдыруға болмайды. Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз. Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қолжетімді бөлшектері ыстық болады. Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса, оны іске қосуды ұсынаыз. Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс. 1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат ҚАЗАҚ 3 Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады. Қыздырғыш элементтерін ұстамаңыз. Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз. 4 Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы мүмкін. Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз, бұндай жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін жалынды қақпақ немесе өрт басқыш көрпе тәрізді затпен жабыңыз. Пісіру алаңына зат сақтамаңыз. Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен тазаламаңыз. Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді. Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден сақтану үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс. Құрылғыны тоққа тура қосу үшін, контакт интервалы сақталатын, барлық полюстерде оқшаулайтын айырыпқосқыш қажет. Тоқты айыру жұмыстарын міндетті III-ші асқын кернеу санатында көрсетілген жағдайларға сай іске асыру керек. Жерге тұйықтау сымы қолданылмайды. Электр сымын төсеген кезде, температурасы бөлме температурасынан 50 C градус жоғары болатын заттарға тура тигізбей (мысалы, оқшаулағыш төлкені пайдаланып) орнатыңыз. 2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ Бұл құрылғы келесі нарықтарға арналған: BY KZ RU UA 2.1 Орнату Назарыңызда болсын! Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс. Орам материалдарының барлығын алыңыз. Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе пайдаланбаңыз. Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз. Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы минимум қашықтықты сақтаңыз. Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз. Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз. Құрылғының астыңғы жағын бу мен ылғалдан қорғаңыз. Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің астына қоймаңыз. Бұл есік немесе терезе ашылған кезде ыстық ыдыс құрылғыдан құлап кетпеу үшін қажет. Егер құрылғыны тартпалардың үстіне орнатсаңыз, құрылғының астыңғы жағы мен үстіңгі тартпаның арасында ауа ауысып тұруға жеткілікті орын қалуын қамтамасыз етіңіз. Құрылғының астыңғы жағы ысып кетеді. Құрылғының астыңғы жағын қол жетпейтін етіп бітеу үшін тұтанбайтын оқшаулағыш панель орнатуды ұсынамыз. Электртоғына қосу Назарыңызда болсын! Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар. Электртоғына қосу жұмыстарының барлығын білікті электрші ғана іске асыруға тиіс. Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет. Қандай да бір жұмысты іске асырмай тұрып, құрылғының электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз. Дұрыс электр сымын пайдаланыңыз. Электр сымдарының оратылуына жол бермеңіз. Құрылғыны жақын тұрған розеткаға жалғаған кезде электр сымы немесе ашасы (бар болса) ыстық құрылғыға немесе ыстық ыдысқа тиіп кетпес үшін абай болыңыз Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз жеткізіңіз. Босап қалған және дұрыс жалғанбаған электр сымы немесе ашасы (бар болса) ағытпаны өте ысытып жіберуі мүмкін. Электр қатерінен сақтандыру құралының орнатылғанына көз жеткізіңіз. Сымға деформацияға қарсы қапсырманы пайдаланыңыз. Құрылғының сымына немесе ашасына (бар болса) зақым келтірмеу үшін абай болыңыз. Зақым келген электр сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз. Электр жүйесі құрылғыны кез келген полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс. Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын ажыратқыштар, сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар. Газға қосу Газға қосу жұмыстарының барлығын білікті маман ғана іске асыруға тиіс. Орнатар алдында жергілікті жабдықтау жағдайлары (газдың түрі мен газдың қысымы) және құрылғының параметрлері сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Құрылғының айналасында ауаның айналуын қамтамасыз етіңіз. Газбен жабдықтау туралы ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында берілген. Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып әкететін құрылғыға жалғанбаған. Құрылғыны ағымдық орнату ережелеріне сай орнатыңыз. Желдету талаптарының дұрыс орындалуына көз жеткізіңіз. 2.2 Пайдалану ҚАЗАҚ 5 Назарыңызда болсын! Жарақат алу, күйіп қалу немесе электр тоғының қатеріне ұшырау қаупі бар. Ең алғаш пайдалану алдында барлық орам материалын, жапсырмасын және қорғау таспасын (бар болса) алыңыз. Бұл тұрмыста қолдануға арналған құрылғы Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз. Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз. Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе суға тиіп тұрған құрылғыны пайдаланбаңыз. Пісіру алаңдарына ас құралдарын немесе кәстрөлдердің қақпақтарын қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін. Құрылғыны қолданып болғаннан кейін off (сөндіру) қалпына қойыңыз. Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз. Тағамды ыстық майға салғанда, май шашырауы мүмкін. Назарыңызда болсын! Өрт немесе жарылыс шығу қаупі бар. Тоңмайларды немесе майды қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда болады. Тоңмайға немесе майға тамақ пісірген кезде қызған заттарды немесе оттың жалынын алыс ұстаңыз. 6 Қатты қызған майдан бөлініп шығатын бу, кенет жарылыстың орын алуына себеп болады. Құрамында тағам қалдықтары бар қолданылған май, бірінші рет қолданылып отырған майға қарағанда, төмен температурада өрттің пайда болуына алып келуі мүмкін. Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз. Назарыңызда болсын! Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз. Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша қайнатпаңыз. Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс құлап кетуге жол бермеңіз. Құрылғының бетіне зақым келуі мүмкін. Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе ешбір ыдыс қоймай іске қоспаңыз. Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр қоймаңыз. Сірке суы, лимон шырыны немесе әк дағын кетіретін құралдар тәрізді қышқыл заттарды пештің үстіне тигізбеңіз. Бұл заттар ақтаңдақ із қалады. Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы. Бұл құрылғыны басқа мақсатта, мысалы, бөлмені қыздыру үшін пайдаланбаңыз. Газбен пісіретін құрылғыны пайдаланған кезде қызу және ылғал бөлінеді. Құрылғы орнатылған бөлменің жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз. Желдеткіш саңылаулардың бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз. Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланған кезде қосымша желдету қажет болуы, мысалы, терезені ашу немесе барынша тиімді желдету тәсілін пайдалану қажет болуы, егер механикалық тартқыш бар болса, оның қарқынын арттыруға болады. Пішімі дұрыс, диаметрі оттықтың диаметрлерінен үлкен орнықты ыдыстарды ғана пайдаланыңыз. Шыны плита (егер болса) қатты қызып, жарылып кету қаупі бар. Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші қалпына дейін жылдам бұраған кезде, жалынның өшіп қалмайтынына көз жеткізіңіз. Ыдыстардың шеңберлердің ортасына орнатылғанына және пісіруге арналған беттің жиектеріне жабысып қалмайтынына көз жеткізіңіз. Құрылғымен бірге жеткізілгн керекжарақтарды ғана қолданыңыз. Оттыққа жалын шашыратқышты орнатпаңыз. 2.3 Күту менен тазалау Назарыңызда болсын! Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Құрылғының қаптамасының сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз. Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды қолданбаңыз. Оттықтарды ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз. 2.4 Құрылғыны тастау Назарыңызда болсын! Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар. Құрылғыны дұрыс тастауға қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік мекемеге хабарласып алыңыз. Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз. Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз. Сыртқы газ түтіктерін майыстырыңыз. 3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ ҚАЗАҚ Пісіру алаңдарының көрінісі Жылдам оттық 2 Қосымша оттық 3 Басқару тетіктері 3.2 Басқару түймешелері Таңба 3 Сипаттама газ берілмейді / сөндірулі қалып жану қалпы / газ барынша көп беріледі Таңба Сипаттама газ барынша аз беріледі 4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік тарауларын қараңыз. 4.1 Оттықты тұтату Назарыңызда болсын! Ас үйде ашық отты пайдаланған кезде өте абай болыңыз. Жалынды дұрыс пайдаланбаған жағдайда өндірушіл
Related Search
Similar documents
View more...
We Need Your Support
Thank you for visiting our website and your interest in our free products and services. We are nonprofit website to share and download documents. To the running of this website, we need your help to support us.

Thanks to everyone for your continued support.

No, Thanks